Теһранға Ресейдің 590 адамнан құралған экономикалық делегациясы келеді
Теһранда осы аптада Иран мен Ресей экономикалық ынтымақтастықтары бірлескен комиссиясының үш күндік отырысы және ресейлік 590 кісілік делегацияның қатысуымен екіжақты коммерциялық форум өтеді.
Алдағы аптада Теһранда Иранның Байланыс және ақпараттар технологиясы министрі Махмуд Ваэзи және Ресейдің Энергетика министрі Александр Новактың бірлесіп басқаруымен Иран мен Ресей экономикалық ынтымақтастықтары бірлескен комиссиясының 13- ші отырысы өтеді. Екі елдің ынтымақтастықтарын кеңейту үшін үлкен жоспар құру отырыстың күн тәртібіне қойылған.
Жария болған жоспар бойынша Ресей делегациясының мүшелері жексенбі күні Иранға келеді. Ресейдің Энергетика министрі де дүйсенбі күні Теһранға сапармен келеді. Ол келісілген құжаттарға қол қоюмен қоса Махмуд Ваэзи және Иранның өзге де басшыларымен екіжақты кездесулер өткізетін болады.
Мәскеудегі Иран елшісі Мехди Санаи мен Новактың келіссөздерінің нәтижесі бойынша Ресей тарапынан бір миллиард 289 миллион евро инвестиция салумен Бандар-Аббаста төрт жылу стансасын салу мен іске қосу құжаты мен өзге бірнеше құжатқа, соның ішінде стандарттау, метрология, екі елдің тауарларын бағалау құжаттарына қол қою және Теһранда жекеменшік компаниялардың жобасы назарға алынған.