Жел 12, 2016 22:10 Asia/Almaty
  • Ресейде жүзден астам банк жабылды

Банктік және қаржы жүйесін тәртіпке келтіру үшін Ресей үкіметі тарапынан экономикалық ірі саясаттардың жүргізілуі соңғы бір жыл ішінде осы елде 100 банктің жабылуына себеп болды.

Ресейдің орталық банкі 2013 жылы қаржы құрылымын оңтайландыру стратегиясын жүргізіп, осы мерзім ішінде шамамен 300 банкті жапқан болатын. Дүйсенбі күні жарияланған Ресейдің орталық банкінің шешімі бойынша тағы төрт банктің жабылғаны расталды. Осыдан он жыл бұрын Ресейде 1000 банк жұмыс істесе, қазір олардың саны 585 банк деп көрсетілген.

 

 

Тегтер