Ресей Сыртқы істер министрі: АҚШ "ән- Носрат" майданын қолдайды
Жел 13, 2016 21:55 Asia/Almaty
Ресей Сыртқы істер министрі «АҚШ "ән- Носрат" майданына (Фатх әш- Шам) Сирияның заңды үкіметін құлату үшін қолдау көрсетіп отыр» деп мәлімдеді.
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сербия астанасы Белградта осы елдің Сыртқы істер министрі Ивица Дачичпен бірлескен ақпарат отырысында: «Түрлі фактілер "ән- Носрат" майданы лаңкестік тобының АҚШ жетекшілігіндегі коалицияның шабуылдарынан аман қашып кеткенін көрсетеді. АҚШ "ән- Носрат" майданы лаңкестік тобымен күресуде шынайы емес» деді.
Тегтер