Иранның ұлттық мұнай компаниясы мен Ресейдің "Газпром" компаниясы арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды
(last modified Tue, 13 Dec 2016 16:00:55 GMT )
Жел 13, 2016 22:00 Asia/Almaty
  • Иранның ұлттық мұнай компаниясы мен Ресейдің

Иранның Мұнай министрі мен Ресейдің Энергетика министрінің қатысуымен Иран ұлттық мұнай компаниясы мен Ресейдің "Газпром" компаниясы ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сейсенбі күні таңертең Теһранда Иранның ұлттық мұнай компаниясы мен Ресейдің "Газпром" компаниясы арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылудың нәтижесінде Иранның батысындағы "Чешме хош" және "Чангуле" атты екі мұнай кенішін зерттеу осы ресейлік компанияға тапсырылды.

Меморандумға Иранның ұлттық мұнай компаниясының атынан Орталық аймақтар мұнай компаниясының атқарушы директоры Салбали Карими мен Ресейдің "Газпром" компаниясының атқарушы директоры Александр Дюков қол қойды.

Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане Ресейдің Энергетика министрі Александр Новакпен кездесуде: «Осы меморандумға қол қойылумен зерттеу жұмысы ресейлік компанияларға тапсырылған Иран кеніштерінің саны жеті кенішке жетеді. Ресей Иранның мұнай кеніштерін зерттеуде ең көп үлеске ие болып отыр» деді.

Иранның Мұнай министрі Ресейдің мұнай нарығына тұрақтылықты қайтарудағы сындарлы рөлін мақтауға тұрарлық деп бағалап: «Осы негізде екі ел басшыларының байланысы ОПЕК-тің соңғы жетістігінде шешуші рөлге ие болды» деді.

 

 

 

 

Тегтер