Иран мен Арменияның денсаулық сақтау негізіндегі ынтымақтастықтары кеңейеді
Иран ислам республикасы мен Арменияның Денсаулық сақтау министрлері денсаулық сақтау және халықтың денсаулығы негізінде екі елдің ынтымақтастық меморандумының мазмұнын іске асыру жолдарына шолу жасады.
Иран ислам республикасының Денсаулық сақтау министрі сейіт Хасан Ғазизаде Хашеми және Арменияның Денсаулық сақтау министрі Армен Мурадян Ереванда екі жақты қызықтыратын барлық негіздер бойынша, әсіресе мамандармен алмасу, ғаламтор кеңістігінде білім беру, университет ынтымақтастықтары саласында денсаулық жөніндегі байланыстарды кеңейту туралы ой бөлісті.
Ғазизаде Хашеми және Армен Мурадян Ереванда бірлескен медициналық кешеннің негізін қалауды және екі елдің жекеменшік бөлімдерінің Еуразияның 170 миллиондық нарығына кіру үшін дәрі-дәрмек өндіру саласындағы ынтымақтастығын кеңейтуді маңызды деп атады.
Иран мен Арменияның Денсаулық сақтау министрлері осы кездесуде медициналық кадрлармен алмасу, дәрі өндіру, жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен күресу негізінде жұмыс бағдарламасы мен ынтымақтастықтардың стратегиялық жоспарына қол қойды.