Әл- Жафари: Қауіпсіздік Кеңесінің Сирия туралы төтенше отырыстары жалған мәліметтерге негізделген
(last modified Wed, 14 Dec 2016 16:39:48 GMT )
Жел 14, 2016 22:39 Asia/Almaty
  • Әл- Жафари: Қауіпсіздік Кеңесінің Сирия туралы төтенше отырыстары жалған мәліметтерге негізделген

БҰҰ- дағы Сирияның тұрақты өкілі: «Қауіпсіздік Кеңесінің кейбір мүшелері Сирияда дағдарыс басталғаннан бері осы кеңестің мүшелерін жалған мәліметтер мен жалған деректер бойынша төтенше отырыстар өткізуге шақыруға дағдыланған» деді.

«Alalam» арнасының хабарлауынша, Башар әл- Жафари сейсенбі күні кешке Ұлыбритания мен Францияның сұрауы бойынша Халебты азат етуден кейінгі осы қаланың жағдайын қарастыру үшін құрылған Қауіпсіздік Кеңесінің төтенше отырысында: «Куә болып отырғанымыздай, тіпті жауапкершілігінің аяқталуына 20 күннен азырақ уақыт қалған осы отырыстың ең жоғары мәртебелі басшысы, яғни БҰҰ-ның бас хатшысы расталмаған мәліметтерге сүйеніп мәлімдеме жариялап, осы мәліметтерді растай алмайтынын қуаттады» деді.

Башар әл- Жафари сөзінің жалғасында Сирия армиясын әскери еместерге шабуыл жасап отыр деп айыптайтын лаңкестікті демеуші үкіметтерді қатаң сынап, армияның әскери еместерге қол ұшын беріп, қолдау көрсетуіне қатысты бірнеше сурет көрсетті.

Суреттердің бірінде бір сириялық сарбаздың жүк көлігіне мініп, қауіпсіз аймаққа жеткен кейуанаға арқасынан басып, көліктен оңай түсуі үшін еңкейіп тұрғаны көрсетілген.

Сирияның өкілі: «Қазір бұларды көрсетіп отыратын кез емес. Осындай ондаған сурет бар, бірақ лаңкестерді демеушілер жалған мәліметтерімен Сирия армиясын өз итаршылары жасаған қылмыстарға себепкер деп көрсетуде» деді.