Америка: Иранның ядролық қозғалтқыш жасау жөніндегі ұйғарымы "Ортақ қадам" келісімін бұзу саналмайды
АҚШ Мемлекеттік департаментінің ақпарат хатшысы Иран президентінің ядролық қозғалтқыш жасау туралы жарлығының "Ортақ қадам" келісімін бұзу саналмайтынын мәлімдеді.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Мемлекеттік департаментінің ақпарат хатшысы Джон Кёрби сейсенбі күнгі ақпарат отырысында Иран президентінің ирандық мамандарға теңіз тасымалы үшін ядролық қозғалтқышты жобалап, жасауды бастау туралы берген жарлығына көрсеткен реакцияда осы хабарды жариялаудың "Ортақ қадам" келісімін бұзу болып есептелмейтінін мәлімдеді.
Джон Кёрби осы конференцияда "Ортақ қадам" келісімінде белгіленген межеден жоғарырақ деңгейлерге дейін уран байыту үшін осындай қозғалтқыштарды жасау ықтималы негізіндегі сауалға берген жауапта: «Біз Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің тексеру және Иранның "Ортақ қадам" келісімімен ынтымақтастығын сараптаудағы ықтиярлары мен әлеуетіне сенеміз» деді.