Ресей Сирияда 40 бітім келісіміне қол қойды
Ресейдің Қорғаныс министрі осы уақытқа дейін сириялық қарулы 40 топпен бітім келісіміне берік болуға қатысты келісімге қол қойылғанын және тағы басқа 40 топпен келіссөздер өткізіліп жатқанын мәлімдеді.
Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сәрсенбі – Сириядағы атысты тоқтату бітімінің бесінші күні Ресей сириялық қарулы топтармен оларды тұрақты атысты тоқтату бітімін қабылдауға ынталандыру үшін қарқынды келіссөздер өткізіп жатқанын хабарлады.
Ресей Қорғаныс министрлігі сириялық қарсылас қарулы топтармен келіссөздер өткізумен бір мезгілде лаңкестерді бомбалауды тоқтатпағанын мәлімдеді.
Басқа жақтан, Ресей Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы кейбір ақпарат құралдарының Сириядағы атысты тоқтату бітімінің екі аптадан аспайтыны туралы уәждеріне тоқталып, бұл уәждің шындыққа жанаспайтынын және Сириядағы бітім келісімінің уақытша емес екенін мәлімдеп, Сириядағы атысты тоқтату бітімі мен жауласуды тоқтату үдерісінің уақытпен шектелмегенін айтты.
Сириядағы атысты тоқтату бітімі Ресей мен АҚШ-тың келісімімен Дамасктің жергілікті уақыты бойынша 27 ақпанның алғашқы минуттарынан бастап жүзеге асырылуда. Қарсылас қарулы топтар мен Сирия үкіметі бітім келісімін сақтауға міндеттелді.