Еуропаның 200 заңды тұлғасы Израильге бойкот жариялады
(last modified Tue, 20 Dec 2016 02:55:33 GMT )
Жел 20, 2016 08:55 Asia/Almaty
  • Еуропаның 200 заңды тұлғасы Израильге бойкот жариялады

Израильге бойкот жариялау әлемдік қозғалысы аясында Еуропаның 200 заңды тұлғасы Палестина халқының құқығын қорғау мақсатында сионистік режимге бойкот жариялады.

Израильге бойкот жариялау әлемдік қозғалысы мәлімдеме жариялап, Еуропаның 200 заңды тұлғасының сионистік режимге бойкот жариялау шарасын осы қозғалыс үшін жаңа жетістік деп бағалап: ««Израильге бойкот жариялау» әлемдік қозғалысы палестиналықтардың құқығын қорғау және халықаралық ұйымдарда Израильды оқшаулау және оған санкция салу шеңберінде толассыз талпыныс жасайды» деп мәлімдеді. "BDS" деп аталатын «Израильге бойкот жариялау» әлемдік қозғалысы бүкіл әлемдегі кәсіподақтар, діни топтар, үкіметтік емес ұйымдар мен халықтық үкіметтер және азаматтық органдардың қолдауымен кеңеюде.

Сионистік режимге қарсы салынған санкциялар саяси, мәдени, экономикалық және спорт салаларында сионистік режим үшін кең-ауқымды салдарларға ие болды.