Берлинде жүк көлігінің жүргізушісі он екі адамды басып өлтірді
https://itolqyn.com/news/world-i20632-Берлинде_жүк_көлігінің_жүргізушісі_он_екі_адамды_басып_өлтірді
Берлинде кеше дүйсенбі күні кешке рождестволық жәрмеңкеде бір жүк көлігі адамдардың тобына қарай жүріп, он екі адамды басып өлтіріп, елу адамның жарақат алуына себеп болды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 20, 2016 14:32 Asia/Almaty

Берлинде кеше дүйсенбі күні кешке рождестволық жәрмеңкеде бір жүк көлігі адамдардың тобына қарай жүріп, он екі адамды басып өлтіріп, елу адамның жарақат алуына себеп болды.

«Әл-Әлам» арнасының мәліметі бойынша, Германия полициясы Берлиннің  Брайтшайдплац жәрмеңкесінде орын алған оқиғаның лаңкестік әрекет болу ықтималдығын растап, бұл елдің халқынан мүмкіндігінше үйлерінен шықпауды сұрады. Берлин полициясы сонымен бірге бұл оқиғадағы жүргізушінің көмекшісінің өлгенін, жүргізушінің өзінің қамауға алынғанын хабарлады.

«Вашингтон таймс» газеті: «ДАИШ лаңкестік тобы Берлин жәрмеңкесіндегі шабуылды өз мойнына алатынын жариялады»,- деп жазды.