Жел 20, 2016 15:55 Asia/Almaty

Түркияда теледидар камераларының алдында Ресей елшісіне қарсы жасалған лаңкестік әрекет лаңкестік және тәкфіршіл ағымдардың Сирия армиясының Алеппо қаласындағы жеңістеріне деген ашу-ызасын көрсетті.

Дүйсенбі күні кешке Анкарада өткен сурет көрмелерінің бірінде  Ресей елшісі Андрей Карловқа қарсы іске асырылған лаңкестік әрекет әртүрлі тұрғыдан зерттелуде. Бұл лаңкестік акт Түркия үкіметінің басқа елдердің елшілері мен дипломаттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы осалдығын көрсетті. Бұл оқиға Ресей Түркияның бұрынғы әрекетін әлі ұмыта қоймаған жағдайда орын алды. Бұл жолы да Түркия үкіметі Анкарадағы ресейлік жоғары лауазымды дипломаттың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмады. Бұл мәселе Түркияның ішінде саяси-қауіпсіздік  салдарларға себеп болуы мүмкін.

Басқа жақтан Анкарадағы Ресей елшісіне  қарсы террор Сирияның Алеппо қаласы азат етілгеннен бірнеше күн өткен соң орын алып, аймақтағы тәкфіршіл лаңкестік ағымдардың алаңдаушылығы мен ашу-ызыасына себеп болды. Өткен 5 жылда  Сирияның жүйесін  құлатуға әрекеттенген  бұл ағым енді Алеппоның азат етілуімен өз мақсаттарына жете алмайтындықтарын түсінді. Сондықтан  Ресей Президенті Владимир Путиннен кек алу үшін бұл елдің Анкарадағы елшісін өлтірді. Бұл ағым осылайша ресейліктерді Сириядағы саясатынан артқа шегінуге мәжбүр етуге   үміттенеді. Қалай болғанда да өткен жылы Ресей  әскери ұшағын Түркияның әуе күштері нысанаға алғаннан кейін Кремль лаңкестерге қарсы күресін күшейтетінін қуаттады. Путин Анкарадағы елшісі қаза болғаннан кейін бұл елдің лаңкестерге қарсы шабуылдарының бұрынғыдан бетер күшейтілетінін қуаттады.

Түркиядағы Ресей елшісіне қарсы лаңкестік әрекетті жасағандардың мақсаты Сирия дағдарысын  дипломатиялық талпыныстар арқылы шешудің алдын алу болды. Бұл оқиға Ресей, Түркия және Иран Сыртқы істер министрлерінің Сирияда бейбітшілік орнатуға көмектесу мәселесіне қатысты Мәскеу отырысы қарсаңында орын алды. Аймақтағы Сирияға қарсы ағымдар бұл үш елдің келісімге келуі және Мәскеу мен Анкара арасындағы қайшылықтардың шешілуіне алаңдаушылық білдіруде. АҚШ пен Еуропа Башар Асадты үкімет басынан кетіру жобасын іске асыра алмады. Анкарадағы Ресей елшісіне қастандық жасалғаннан кейін Сирияның дұшпандары Анкара мен Мәскеудің арасындағы қарым-қатынасттың бұзылуына үміттеніп, дипломатиялық келіссөздерге кедергі болып, Батысты Сириядағы бірқалыпты наразыларды  қолдауды жалғастыруға жігерлендірмек. Алайда Түркиядағы Ресей елшісіне қарсы лаңкестік әрекеттен кейінгі оқиғалар Мәскеу мен Анкараның Сирияға қатысты бірлігінің бұзылмайтынын көрсетті.

 

 

Тегтер