Лариджани Иран мен Боснияның аймақ қиыншылықтары туралы ортақ тұрғыларын қуаттады
Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы ислам республикасы және Босния мен Герцеговинаның аймақ қиыншылықтары туралы көзқарастары мен тұрғыларын ортақ және бір- біріне жақын деп атады.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани сейсенбі күні Теһранда Босния мен Герцеговина Парламентінің төрағасы Сафет Софтичты қабылдаудан кейін тілшілерге берген сұхбатта: «Ислам республикасы әрдайым Босния мен Герцеговинаның жер тұтастығын және халықтары арасындағы игі байланысты қолдаған» деді.
Лариджани Босния мен Герцеговина президентінің жуықта Иранға жасаған сапарын осы елдің Иран ислам республикасымен экономикалық, саяси, мәдени және ғылыми байланыстар деңгейін жоғарылату үшін мүдделігін көрсетеді деп бағалап: «Босния Парламенті төрағасымен бүгінгі келіссөзде осы байланыс жолындағы кедергілерді жою тақырыбы қарастырылды» деді.
Босния мен Герцеговина Парламентінің төрағасы да кездесуден кейін тілшілерге берген сұхбатта: «Иран ислам республикасы өткен бірнеше он жылдық бойында Босния мен Герцеговинаға едәуір көмек көрсетті. Біздің елдің халқы Иранның көмектері үшін алғыс айтады» деді.