Ресей: АҚШ-тың жаңадан салған санкциялары жауапсыз қалмайды
Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков Мәскеудің Вашингтонның ресейлік азаматтар мен компанияларға қарсы жаңадан салған санкцияларын жауапсыз қалдырмайтынын қуаттап:
«Ресей АҚШ-ның санкцияларына жауап қайтаратын әрекеттерді таңдауды өзінің құқығы санайды. Мәскеу де АҚШ-на қарсы санкцияларының тізімін кеңейтеді»,- деді.
ИРНА-ның мәліметі бойынша АҚШ-тың Украина мәселесіне қатысты Ресейге қарсы жаңадан салған санкциялары АҚШ Қаржы министрлігінің интернет базасында жарияланған.
Ресей теледидарының екінші каналының жариялауы бойынша АҚШ-тың санкциялар тізімінен ресейлік жеті азамат пен ондаған компанияны, соның ішінде «Новатэк» пен соған қарасты тоғыз компанияны, сондай-ақ «Қырым темір жолы», «Қырым теңіз порттары», «Транс-флот», «Стройпроект» институтын көруге болады. АҚШ-тың Ресейге қарсы салған жаңа санкцияларының тізіміне «Маршал Жуков» және «Сталинград» кемелерінің атаулары да енгізілген.