Жел 21, 2016 12:53 Asia/Almaty
  • Зариф: Лаңкестікпен күресу үшін әлемдік ынтымақтастық қажет

ИИР Сыртқы істер министрі лаңкестікпен күресу үшін әлем мемлекеттерінің ынтымақтастық саласындағы жігерінің қажеттігін қуаттады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен Мәскеудегі кездесуінде лаңкестіктің әлемнің әртүрлі аймақтарына қатер тудырып отырғаны туралы ескертіп: «Лаңкестер шекара танымайды. Теһран, Мәскеу және Анкара лаңкестікпен күресу үшін ынтымақтастық жасауы керек»,- деді.

Иран Сыртқы істер министрі Иран үкіметі мен халқының Ресейдің Анкарадағы елшісінің қастандықпен өлтірілуіне байланысты Ресей халқының қайғысына ортақтастығын тағы да қуаттап: «ИИР лаңкестікпен күрес саласында Ресей үкіметінің қасынан табылып, лаңкестік топтардың әрекеттерін айыптайды. Сириядағы қақтығыстардың аяқталуына сенімді болып, саяси келіссөздерді  бастап, көмек көрсетуді кеңейту үшін орынды мұрсат туды»,-  деді.

Сергей Лавров та бұл кездесуде Түркиядағы Ресей елшісі Андрей Карловқа қарсы лаңкестік әрекет жасалып, елшінің қаза болуына тоқталып: «Бұл қылмыс Мәскеудің лаңкестерге қарсы күресу жігерін арттырады. Сондықтан олар өз мақсаттарына жетпейді. Мәскеу Сирияның заңды үкіметін қолдауды тоқтатпайды»,- деп қуаттады.

 

 

Тегтер