Иран, Ресей және Түркия Сирия дағдарысы туралы үшжақты мәлімдеме жариялады
(last modified Wed, 21 Dec 2016 07:15:22 GMT )
Жел 21, 2016 13:15 Asia/Almaty
  • Иран, Ресей және Түркия Сирия дағдарысы туралы үшжақты мәлімдеме жариялады

Иран, Ресей және Түркия Сыртқы істер министрлері ортақ мәлімдеме жариялап, үш елдің бірнеше ұлттық, бірнеше мазхабтық және демократиялық Сирияның тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын қолдайтындықтарын қуаттады.

Иран Телерадио бірлестігінің мәліметі бойынша, Иран,  Ресей және Түркия Сыртқы істер министрлері   Мұхаммад Джавад Зариф, Сергей Лавров және Мевлүт Чавушоглу сейсенбі күні Мәскеуде мәлімдеме жариялап: «Үш мемлекеттің көзқарасы бойынша Сирияның  қайшылықтары әскери жолмен шешілмейді. Бұл елдегі дағдарысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2254-ші қарары негізінде шешуге талпыныс жасау қажет. Иран мен Ресей және Түркия Сирияның Алеппоның шығысынан әскери еместер мен ұйымдастырылған қарулы наразыларды шығаруды қолдап, бұл үдерісті жалғастырып, қауіпсіз түрде орындауды өз міндетіне алды»,- деп айтылған. Сонымен бірге аталмыш мәлімдемеде үш елдің келешектегі Сирия үкіметі мен наразылары арасындағы келіссөздердің нәтижесінде орын алатын келісімнің кепілі болуға дайын екендігі туралы айтылған. Олар ДАИШ пен Ан-Носратқа қарсы ортақ күресетіндіктерін қуаттады. Лавров ортақ ақпарат отырыстында сөйлеген сөзінде: «Әлемнің барлық елдері лаңкестікті тамырымен жою үшін БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің қарарына сай әрекет етіп, барлық салада ынтымақтастық жасауы керек»,- деді.

ұхаммад Джавад Зариф те сол ақпарат отырысында: «Лаңкестік саяси мақсаттарды алға ілгерілететін құралға айналмауы қажет. Өйткені, лаңкестік – шынайы қоқан-лоққы. Сондықтан барлығымыз онымен күресуіміз керек»,- деп мәлімдеді.

Мевлүт Чавушоглы да Сирия дағдарысын  саяси жолмен шешу және бұл елдің барлық аумағында соғысты тоқтату жолындағы талпыныстарды жалғастыратындықтарын қуаттады.