Халықаралық қаржы қоры Иран экономикасының келешегіне оң баға берді
(last modified Wed, 21 Dec 2016 15:17:31 GMT )
Жел 21, 2016 21:17 Asia/Almaty
  • Халықаралық қаржы қоры Иран экономикасының келешегіне оң баға берді

Халықаралық қаржы қорының жаңа есебі бойынша Иран экономикасы 2016 жылы ішкі жалпы өнімнің 6,6 пайыздық өсімі мен 9 пайыздық инфляцияға ие болған.

2016 жылы қазан айында Иранға сапармен келген халықаралық қаржы қоры мамандары делегациясының жариялаған есебі бойынша Иран экономикасы биылғы жылы 4,5 пайызға өсіп, инфляция бағамы 9,2 пайыз деп болжанған болатын. Осы есеп бойынша "Ортақ қадам" келісімі күшіне енгізіліп, Иранның мұнай өндірісі  мен экспортының ұлғаюымен Иранның ішкі жалпы өнімі артып, 2017 жылдың бірінші тоқсанына дейін 6,6 пайызға жетеді деп күтілуде.