Шамхани: БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарары Сирияда қақтығыстардың артуына жағдай жасайды
(last modified Thu, 22 Dec 2016 08:17:35 GMT )
Жел 22, 2016 14:17 Asia/Almaty
  • Шамхани: БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарары Сирияда қақтығыстардың артуына жағдай жасайды

ИИР Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы: «БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Алеппо туралы №2328 қарары Сирияда қақтығыстардың артуына жағдай жасауы мүмкін»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани сәрсенбі күні: «БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2328 қарары Сирия халқының қиын жағдайы мен үкіметтің рөлін назарға алмай, тек лаңкестерді құтқаруға бағытталғандықтан Сирияның дағдарысын шешуге арналмаған»,-деді.

Шамхани Батыс елдері мен лаңкестерді демеушілердің атысты тоқтату бітімдерін теріс пайдаланып, лаңкестерді нығайту шеңберінде күдікті барлаушылардың болуына тоқталып: «БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі біржақты қарарлар мен мәлімдемелердің орнына Сириядағы лаңкестерге қару-жарақ, жаңа күш пен қаражат жіберудің жолына тосқауыл қоюда шынайы ерік-жігер көрсетуі керек.

Сейсенбі күні Мәскеуде Иран, Ресей мен Түркия арасында өткен үшжақты отырыста Сирияның егемендігі, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтауға толық қолдау көрсету және саяси үдеріске басымдық беру қажеттігінің айтылуы Теһранның Сирияда терроризм дағдарысы пайда болғаннан бері ұстанған стратегиясының дұрыс екендігін көрсетті»,-деді.