БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі қарарының жобасында Израильдің қалашық салу ісі айыпталды
https://itolqyn.com/news/world-i20968
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде басып алынған жерлерде қалашық салуды жылдам тоқтату туралы қарардың жобасы бекітілгеннен кейін сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху АҚШ-тан осы қарарға вето жариялауды сұрады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 22, 2016 15:13 Asia/Almaty
  • БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі қарарының жобасында Израильдің қалашық салу ісі айыпталды

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде басып алынған жерлерде қалашық салуды жылдам тоқтату туралы қарардың жобасы бекітілгеннен кейін сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху АҚШ-тан осы қарарға вето жариялауды сұрады.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі сәрсенбі күні кешке Мысыр тарапынан ұсынылған Палестинаның басып алынған жерлерінде қалашық салуды жылдам тоқтату туралы қарардың жобасын бекітті.

Бүгін, бейсенбі күні дауысқа салынатын бұл қарар сионистік режимнің қалашық салу ісін халықаралық заңдарды әшкере түрде бұзу деп сипаттады.

АҚШ 2011 жылы Израильдің қалашық салу ісі айыпталған қарардың жобасына вето жариялаған болатын.

Нетаньяхудың АҚШ-қа өтініші бұл елдің әрдайым сионистік режимнің Палестинадағы экспансиялық саясатын қолдап, Тель-Авив Вашингтонтың қолдауы аясында басып алынған жерлерде қалашық салуды күшейткен жағдайда айтылып отыр.

Израиль сионистік қалашықтар салу арқылы Палестина аймағының географиялық құрылымын өзгертіп, оған сионистік сипат беруді мақсат тұтып отыр. Бұл режим осылайша Палестина аймағында өзінің үстемдігін орнатуды көздейді.