БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде сионистік режимнің қалашық салу ісіне қарсы қарар бекітілді
(last modified Sat, 24 Dec 2016 09:06:38 GMT )
Жел 24, 2016 15:06 Asia/Almaty
  • БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде сионистік режимнің қалашық салу ісіне қарсы қарар бекітілді

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі жұма күні кешке сионистік режимнің басып алынған жерлердегі қалашық салу ісіне қарсы қарарды 14 оң дауыспен бекітті..

ИРНА-ның хабарлауынша, БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің қарарына сәйкес, сионистік режим басып алынған Палестина жеріндегі, соның ішінде шығыс Құдстағы  қалашық салу жұмыстарын тез арада және толығымен тоқтатуға міндеттеледі.

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдердің арасынан тек АҚШ қана сионистік режимнің қалашық салу ісіне қатысты қарарға дауыс беруде қалыс қалды. Қалған елдер оң дауыс берді.

Палестина автономиясының басшысы Махмұд Аббас БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Израильдің басып алынған Палестина жеріндегі қалашық салу жұмыстарын тоқтатуға оң дауыс бергеннен кейін: "Қауіпсіздік кеңесінің Израильдің қалашық салу жұмыстарын айыптауы осы режимге саяси соққы болды" деді.

Сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың кеңсесі Қауіпсіздік кеңесінің Израильдің басып алынған Палестина жеріндегі қалашық салу жұмыстарына қарсы қарарына реакция білдіріп: "Израиль бұл қарардың тарауларын жүзеге асырмайды" деді.

Нетаньяху кеңсесінің мәлімдемесінде сондай-ақ АҚШ-тың Қауіпсіздік кеңесінің қарарына дауыс беруден қалыс қалуына қатысты: "Тель-Авив бұл қарардың теріс салдарын бейтараптандыру үшін АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп пен осы елдің Конгресіндегі өз достары және одақтастармен әріптестік жасауды көздеп отыр" деді.