Жел 24, 2016 22:06 Asia/Almaty
  • Түркиядағы АҚШ елшісі: Вашингтонның Карловқа жасалған қастандыққа қатысы жоқ

Түркидағы АҚШ елшісі өз елінің Анкарадағы Ресей елшісі Андрей Карловтың өміріне жасалған қастандыққа араласуы жөніндегі айыпты теріске шығарды.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің сенбі күнгі  хабарлауынша, Түркиядағы АҚШ елшісі Джон Бас теледидарға берген сұхбатында Карловқа жасалған қастандыққа Америка көмектесті деген уәждерді негізсіз деп қуаттап: «Түркиядағы Ресей елшісіне жасалған қастандық шара айыпталады» деді.

Түркиядағы АҚШ елшісі осы елдегі сәтсіз әскери төңкерісте рөл атқарды деген айыпкер Фетхолла Гүленді Түркияға қайтару туралы: «Америка мен Түркияның Әділет министрліктері осы негізде өзара жақын ынтымақтастықтарын жалғастырады. Американың сот жүйесіне сәйкес, егер бір тақырып туралы аз айтылатын болса, ол тақырыптың маңыздылығын көрсетеді» деді.

 

 

Тегтер