Рухани мен Путин екіжақты аймақ мәселелері жайлы кеңесті
(last modified Sun, 25 Dec 2016 08:52:04 GMT )
Жел 25, 2016 14:52 Asia/Almaty
  • Рухани мен Путин екіжақты аймақ мәселелері жайлы кеңесті

Иран Ислам Республикасы мен Ресей Федерациясының басшылары Сирия халқы мен әскерінің лаңкестерді жеңуі мен осы күрестің жалғасуымен қатар, Сирия халқы үшін қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында саяси келіссөздердің өткізілуін қуаттады.

Иран Телерадио бірлестігінің хабарлауы бойынша, Хасан Рухани сенбі күні кешке Владимир Путинмен телефон арқылы сұхбатында Сирия әскерінің әсіресе Алеппо қаласында лаңкестерді жеңгеніне сілтеме жасап: «Бұл жеңіс лаңкестерге қылмыс жасау арқылы өз мүдделеріне жете алмайтындығын және табыс пен жеңіспен қатар саяси келіссөздерді бастап, әрі оны жалғастыру керектігін көрсетті», - деді.

ИИР президенті Қазақстанның Елордасы  Астана қаласында келіссөздер өткізуді алға бағытталған қадам деп атап: «Қазақстан Сириядағы наразы топтар мен Сирия үкіметі арасындағы бейбітшілік келіссөздерін өткізуде қолайлы мекен болып табылады», - деді.

РФ президенті аталмыш сұхбат кезінде Сирия әскерінің Алеппо қаласында лаңкестерді жеңуімен құттықтап: «Теһран мен Мәскеудің бүгінге дейін халықаралық сахнада сындарлы саясат аясындағы кеңесуі мен келісімі өз жалғасын табады. Екі ел келісімінің жемісі халықаралық лаңкестікпен күресудегі үлкен жеңіс болды. Енді лаңкес топтармен күресумен қатар, осы жеңістерді келіссөздермен жалғастыру керек. Біз Сириядағы бейбітшілік үдерісіне байланысты келіссөздерді Қазақстанда бастауды ұсынамыз», - деп мәлімдеді.