Еуропа парламенті Түркия азаматтарына виза еркіндігі үшін шарт қойды
Жел 27, 2016 08:46 Asia/Almaty
Еуропа Парламентінің төрағасы Мартин Шульц Түркия азаматтары үшін жедел виза азаттығы жобасын орындауға қарсылық танытып: «Түркия жасалған өтініштер бойынша лаңкестікпен күрес заңдарына түзету енгізген жоқ.
Түркия үкіметінің шілденің орта шеніндегі сәтсіз әскери төңкерістен кейінгі шаралары көптеген мәселе тудырып отыр, соның ішінде баспасөз бостандығына шектеу қоюы қабылдауға келмейді; өлім жазасын іске асыруы Еуропалық Одақтың негізгі қағидаларымен сәйкеспейді. Егер Түркия өлім жазасын іске асырса, елінің Еуропалық Одаққа мүшелігі туралы келіссөздерді өзі аяқтаған болады» деді.
Тегтер