Назарбаев Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықтарды кеңейтуге мүдделік танытты
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік әріптесі Владимир Путинмен кездесуінде Астананың Мәскеумен әскери-техникалық ынтымақтастығын кеңейтуге дайын екенін мәлімдеді.
ИТАР ТАСС-тың хабарлауы бойынша Қазақстан Президенті Санкт-Петербургте Ресейдің әртүрлі компанияларын аралаған соң, екі елдің әскери-техникалық ынтымақтастықтарын кеңейту қажеттігін қуаттады.
Сенбі күні Еуразия экономикалық одағы мен Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының отырыстарына қатысу үшін Ресейге сапар шеккен Қазақстан Президенті ресейлік әріптесімен кездесуінде екіжақты және халықаралық кейбір мәселелер туралы пікір алмасты.
Астана мен Мәскеудің аймақтық ұйымдардағы ынтымақтастығы мен Ресей компанияларының Қазақстанда өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы екі ел басшылары пікір алмасқан келесі тақырып болды.