Ресейліктер Путиннің қайтадан президент болып сайлануын қолдайды
(last modified Sat, 05 Mar 2016 15:39:05 GMT )
Нау 05, 2016 21:39 Asia/Almaty
  • Ресейліктер Путиннің қайтадан президент болып сайлануын қолдайды

Ресей халқының үштен екісінен астамы Владимир Путиннің осы елдің президенті ретінде қайтадан сайлануын қолдайды.

Сенбі күні жарияланған Ресейдің қоғамдық пікірін зерттеу орталығының сауалнамасы бойынша, Путин 2018 жылғы президенттік сайлауларда ресейліктердің 74 пайызының бірінші таңдайтын үміткері болып табылады.

Бұл Ресейдің қоғамдық пікірінің арасында Путиннің беделінің ең жоғары көрсеткіші болып саналады, өйткені 2012 жылғы қазан айында бұл көрсеткіш тек 40 пайызды құраған болатын.

Осы сауалнамаға қатысушылардың 15 пайызы президенттік сайлауда Путинге дауыс беруге ниеттерінің жоқ екендігін айтса, 11 пайыз үміткерді таңдаудың алдағы екі жылдағы жағдайға байланысты екендігін және дәл қазір бұл сауалға ашық жауап бере алмайтындықтарын мәлімдеді. Сондай- ақ осы сауалнама бойынша, Путин 2012 жылғы сайлау алдындағы барлық уәделерін орындады деген ресейліктердің саны ұлғайып, шамамен 47 пайызға жетіп отыр. Путин осыдан бұрынырақ Ресейдің жағдайы мен үкімет істерінің нәтижесі және оның 2018 жылғы президенттік сайлаудағы қоғамдық пікірдегі көрінісіне байланысты шешім қабылдайтынын мәлімдеген болатын.