Жел 29, 2016 16:04 Asia/Almaty
  • Нетаньяху АҚШ Мемлекеттік хатшысының Израиль жайлы сөздерін сынады

Сионистік режимнің Премьер-министрі АҚШ Мемлекеттік хатшысының Израиль жайлы сөздеріне реакция білдіріп, бұл сөздерді біржақты әрі Израильдің мүддесіне қайшы деп атады.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мәлімдеме жариялап: «АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керридің  сәрсенбі күнгі сөздері ол қолдаған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарары сияқты қате»,-деді.

Осы мәлімдеме бойынша Джон Керри сионистік қалашықтар салу ісіне баса көңіл бөлуде.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри сәрсенбі күні баспасөз конференциясында сионистік режим қайраткерлерінің, соның ішінде  Нетаньяхудың жуырдағы ұстанымдарын сынап: «Палестина жерінде қалашықтар салу халықаралық заңдарды бұзу болып табылады»,-деді.  

Керри АҚШ-тың Израильге жан-жақты көмек көрсететіндігіне тоқталмастан: «Сионистік режим Иордан өзенінің батыс жағалауындағы палестиналықтардың жерлерін жаулап алу үшін ауқымды жобаны жүзеге асыра бастады»,-деп баса айтты.

 

Тегтер