Рухани мен Путин Сириядағы өзгерістер туралы телефон арқылы сұхбаттасты
(last modified Sun, 01 Jan 2017 10:49:18 GMT )
Қаң 01, 2017 16:49 Asia/Almaty
  • Рухани мен Путин Сириядағы өзгерістер туралы телефон арқылы сұхбаттасты

Иран Ислам Республикасы мен Ресей президенттері Қазақстан Республикасы Астана қаласында өтетін Сирия үкіметі мен оппозицисы арасындағы келіссөздерге қатысты Иран мен Ресейдің Сириямен ынтымақтастықтары жайлы кеңесті.

ИИР президенті Хасан Рухани сенбі күні кешке РФ президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сұхбатында Ресей президенті мен халқын милади жыл санағы бойынша басталған Жаңа жылмен құттықтап: «Теһран Иран, Ресей мен Сирия арасындағы ынтымақтастықтың арқасында Сирияда орнаған атысты тоқтату бітімін қолдайды. Қазақстанда өтетін отырыстан бұрын аталмыш елдердің кеңесі мен келісімділігі маңызды болып саналады»,- деді.

Сондай-ақ Рухани Сирияның, әсіресе лаңкестердің қоршауындағы қалалардың тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберуді жалғастырудың маңыздылығын баса айтып: «Әсіресе Алеппо қаласындағы соңғы жеңістерден кейін орнаған атысты тоқтату мен бейбіт кезеңді сақтап және қорғап қалу үлкен маңызға ие»,- деп мәлімдеді.

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Сирияда орнаған атысты тоқтату келісімін Сириядағы бейбітшілік пен тыныштық орнатуды қалайтын барша елдердің, әсіресе Иран мен Ресейдің ынтымақтастығы мен ауызбіршілігінің нәтижесі деп мәлімдеп: «Қазіргі таңда қол жеткізген жетістіктерді сақтап, халықаралық лаңкестікен бірлескен күресті жалғастыру баршаға ортақ міндет болып табылады.  

Ресей Сирияда орнаған атысты тоқтату бітімінің ДАИШ, ан-Носрат майданы мен тағы да басқа лаңкестік топтарды қамтуына жол бермейтіндігі күмәнсіз»,- деді.