Индонезияда жолаушы кемесінде өрт апаты болды
Қаң 01, 2017 23:07 Asia/Almaty
Индонезия астанасының маңында бір жолаушы кемесінде болған өрт апатынан 23 адам қаза болып, кем дегенде 17 кісі жараланды.
Кеме жаңа жылдың алғашқы күні Джакартаның солтүстігінде орналасқан "Мың арал" серуендеу аймағына аттанған болатын. Алайда теңіз айлағынан жолға шыққаннан шамамен 20 минуттан кейін кеме өртенді. Кемедегі 17 жолаушы хабар-ошарсыз кетті.
"Мың арал" Джакарта шығанағының батыс маңындағы аралдар кешені болып табылады. Ол жерде әсем жағалаулар, су үстіне салынған қонақ үйлер мен басқа да серуен орындары бар.
Тегтер