АҚШ-та сионистік режимнің тауарларына қатысты шағымдар көбейді
(last modified Wed, 04 Jan 2017 12:32:25 GMT )
Қаң 04, 2017 18:32 Asia/Almaty
  • АҚШ-та сионистік режимнің тауарларына қатысты шағымдар көбейді

АҚШ-ның Қаржы министрлігі Иордан өзенінің батыс жағалауындағы сионистік қалашықтардың өнімдерінің енгізілуіне қатысты шағымдар санының айтарлықтай артқанын хабарлады. Бұл шағымдарда Израильде шығарылған өнімдердің әртүрлі заттаңбамен енгізілетіндігі қуатталды.

Шағымдарға қарамастан АҚШ кедені мен шекара қызметі  бұл заңды бұзушыларға қарсы жазалау шараларын қолданбай отыр. 1995-ші жылдан бері Иордан өзенінің батыс жағалауында  көптеген заңсыз қалашықтардың салынуына байланысты АҚШ заңдары бойынша сионистік қалашықтарда жасалған өнімдер «Иордан өзенінің батыс жағалауы/Газа секторы», «Иордан өзенінің батыс жағалауы/Газа», «Иордан өзенінің батыс жағалауы», «Газа» немесе «Газа секторы» деген заттаңбаларға ие болуы керек. Бірақ израильдік тауарлар «Израильде шығарылған», «Израиль», «Израильдің басып алынған жерлері» сынды заттаңбалармен енгізіледі. Сионистік режимге басып алынған Палестина жерлерінде шығарылған өнімдерінің заттаңбаларын анықтау талаптары халықаралық қауымдастықтың, әсіресе Еуроодақтың сионистік қалашықтарда шығарылған заттарға санкция салуына байланысты қойылуда.  

2015-ші жылы Еуроодақ 1967-ші жылдан бері басып алынған жерлерде, яғни Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Голлан жоталары және Газада шығарылған барлық заттар арнайы заттаңбаларға ие болып, сатып алушылар хабардар болып, оларды сатып алмауы керек деген заңды бекітті. Бірақ АҚШ кедені мен шекара қызметі АҚШ үкіметінің Израильді қолдау саясатына орай Израильге қарсы жаза қолданудан бас тартты. Вашингтонның Тель-Авивты қолдауына қарамастан, соңғы жылдары Израильге қарсы санкция салу үдерісі артты. Негізінде сионистік режимге қарсы санкциялар  «Израильге бойкот жариялау, инвестиция салмау және санкция салу» деп аталған әлемдік қозғалыс негізінде салынуда әрі соңғы жылдары айтарлықтай табыстарға жетті. Бұл қозғалыс басып алынған Палестина жерлеріне шетелдік тікелей инвестицияның  50 пайызға төмендеуіне себеп болды.  «Израильге бойкот жариялау, инвестиция салмау және санкция салу» деп аталған әлемдік қозғалыс палестиналықтардың жерлерін басып алып, бұл жерлерде қалашықтар салуға қатысты сионистік режимге қысым көрсететін халықаралық компания болып саналады. Бұл қозғалыс осы кезге дейін әлемнің әртүрлі жерінде, соның ішінде Еуропа мен АҚШ-та көптеген жақтас тапты. Сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяху бұл қозғалыстың іргетасын қалаушылар Израильді жойғысы келеді  деген уәж айтты. Израильдің Палестинаның басып алған жерлерін билеп-төстіп, бұл жерлерде қалашықтар салуды жалғастыруы халықаралық қоғамның, Еуропа мен АҚШ және Латын Америкасында Израильге қарсы наразылықтарға себеп болды. Еуроодақта 1967-ші жылы басып алынған жерлерде қалашық салуды жалғастыруы үшін сионистік режимді жазалау туралы қоқан-лоққыларын жалғастырып, Иордан өзенінің батыс жағалауында шығарылған заттарға  санкция салды. Сионистік режимнің басқыншыл саясаттарының, әсіресе қалашық құрылысын жалғастыруы,  тіпті бұл режимнің дәстүрлі одақтастарының  оған қарсы әрекет етуіне себеп болды. Бұдан кейін сионистік режим әлемнің әртүрлі жерлерінде экономикалық, қаржы және мәдени санкциялармен көбірек кезігеді деген ой туады.