Қаң 04, 2017 23:22 Asia/Almaty
  • Ақ Үйдің Гуантанамодағы тұтқындарды көшіру саясаты жалғасады

Ақ Үй тұтқындарды Гуантанамодан көшіру саясатының жалғасатынын мәлімдеді.

ИРНА-ның хабарлауынша, АҚШ Мемлекеттік департаментінің ақпарат хатшысы Джош Эрнест сейсенбі күні осы елдің қалаулы президенті Дональд Трамптың Гуантанамо түрмесіндегі тұтқындарды босатуға қарсылық білдірген мәлімдемесіне көрсеткен реакцияда бұл тақырыптың Ақ Үйдің саясатына еш әсерінің жоқ екендігін айтып: «Президент Барак Обама осы абақтыдағы тұтқындарды көшіру туралы АҚШ Конгресіне өтініш жасаған жоқ» деді.

АҚШ Қорғаныс министрлігі Пентагонның ақпарат хатшысы Питер Кук: «Қорғаныс министрі Эштон Картер Гуантанамодағы тұтқындарды заңды түрде көшіру жөніндегі Обаманың бұйрықтарын әлі орындап отыр» деді.

Дональд Трамп  «Twitter» желісіндегі өзінің жаңа жазбаларының бірінде Гуантанамо түрмесі туралы: «Гуантанамодан ешкім азат етілмеуі керек» деп жазды. АҚШ- тың Өкілдер палатасы бұдан бұрын Гуантанамо түрмесін жабуға тыйым салу жобасын бекіткен болатын.

Президенттік қызметі аяқталуға жақындап бара жатқан Барак Обама Гуантанамо түрмесін жабу туралы өз уәдесін орындамады.

 

 

Тегтер