Орталық Азия елдері Иранның Чабахар портын қолдануға мүдделік танытып отыр
(last modified Thu, 05 Jan 2017 04:18:42 GMT )
Қаң 05, 2017 10:18 Asia/Almaty
  • Орталық Азия елдері Иранның Чабахар портын қолдануға мүдделік танытып отыр

Иранның оңтүстік-шығысындағы Систан мен Балучистан облысының әкімі Орталық Азия елдерінің Иранның Чабахар портын қолдануға мүдделік танытып отырғандарын мәлімдеді.

ИСНА-ның сәрсенбі күнгі мәліметі бойынша, Әли Авсат Һашеми Чабахар портын аймақтағы жағалауы жоқ бірнеше елді ашық теңіздермен байланыстырушы нүкте деп атап: «Сансыз табиғи және кен байлықтарының болуы, теңіз және құрлық шекарасы, әлемдегі ашық теңіздерге қолжетімділік және түрлі өнімдерді егу үшін климатының түрлілігі Чабахар портына шетелдік инвестиция  салу үшін қолайлы жағдай жасап отыр.

Чабахар портында шетелдік инвестиция салу үшін жағдай жасалумен қоса тауар транзитін ұлғайту үшін коммерциялық айлақтар дамытылып, даңғыл жолдар, темір жол және тағы да басқа инфрақұрылымдық шаралар жасалған» деді.

Иранның оңтүстік-шығысында орналасқан Чабахар порты мұхитта жүзетін кемелерді айлақтату мүмкіндігімен Орталық Азиядағы құрлықпен қоршалған елдер, соның ішінде Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қазақстан және Ауғанстанның ашық теңіздерге ең жақын қолжетімді жолы болғандықтан стратегиялық мәртебеге ие.