Катарлық аңшылар Ауғанстанның Фараһ уалаятына заңсыз кірді
(last modified Thu, 05 Jan 2017 15:21:20 GMT )
Қаң 05, 2017 21:21 Asia/Almaty

Сирек кездесетін құстарды аулайтын катарлық аңшылар арнайы ұшақпен заңсыз түрде Ауғанстанның астанасы Кабулдан Фараһ уалаятына келді.

Фараһ уалаятындағы азаматтық белсенділер катарлықтардың осы аймақтағы сирек кездесетін құстарды аулауына алаңдап отыр. Олар Ауғанстанның ұлттық қауіпсіздік басқармасынан катарлық арабтардың осы уалаятта болу мәселесін, әсіресе құстарды аулау тақырыбын қарастыруды сұрап отыр. Осыдан екі жыл бұрын да Герат әуежайына қонған катарлықтардың бір ұшағы Ауғанстанның ұлттық қауіпсіздік басқармасы тарапынан анықталып, тәркіленген болатын.