Флоридадағы агрессия – психикалық ауру немесе ДАИШ тобына мүшелік
АҚШ-тың Флорида штатындағы Форт Лодердейл-Холливуд әуежайында бес кісіні өлтірген жиырма алты жастағы Эстебан Сантьяго өткен жылдың қараша айында Федералды тергеулер бюросында ДАИШ лаңкестік тобының видеоларын көргенін мойындаған.
CNN ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, өткен жылдың қараша айында Эстебан Сантьяго Аляска штатындағы Анкоридж қаласында орналасқан Федералды тергеулер бюросының полиция кеңсесіне келіп, оны ДАИШ лаңкестік тобына қосылуына шақыратын дауыстар еститінін хабарлады.
Эстебан Сантьяго 2010 жылдан бері АҚШ-тың Ирақтағы әскері қатарында қызмет атқарып келген. Алайда өз қызметін қанағаттандырарлық түрде атқармағанына байланысты әскер қатарынан шығарылған.
АҚШ-тың қауіпсіздік органдары бұл елдің БАҚ құралдарына: «Сантьяго жүйке жүйесінің психикалық ауытқушылығы мен белгісіз дыбыстарды естуіне байланысты емделуге жіберілді»,- деді.
Сонымен қатар, АҚШ-тың қауіпсіздік органдары Сантьягоның әуежайда жалғыз өзінің оқ атуы лаңкестік шабуыл болжамын теріске шығарды.
Сантьягоның туыстары да оның психикалық ауруға шалдыққанын растады.
Аталмыш оқиға салдарынан бес адам қаза тауып, кемінде он үш адам жарақат алған.