Сионистік режим БҰҰ-на қатысты қарымта әрекетке барады
(last modified Sat, 07 Jan 2017 16:56:43 GMT )
Қаң 07, 2017 22:56 Asia/Almaty
  • Сионистік режим БҰҰ-на қатысты қарымта әрекетке барады

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің сионистік режимнің қалашықтар салу әрекетіне қарсы қабылдаған қарарынан кейін осы режим БҰҰ-ға қаржылай көмек көлемін қысқартты.

"Gods net" торабының мәлімдеуі бойынша, сионистік режим БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жаулап алынған жерлерде қалашақ салуға тыйым салу негізіндегі №2334-ші қарарды қабылдауына наразылық ретіндегі қарымта әрекетте БҰҰ мен оған қарасты органдарға 6 млн доллар төлеуден бас тартады.

БҰҰ- дағы сионистік режимнің елшісі Дани Данон: «Израиль БҰҰ-да осы режимге қарсы әрекет жасайтын органдардың бюджетін қамтамасыз етпейді.

Американың қалаулы президенті Дональд Трамп  билік басына келген соң бұрынғыдан көбірек БҰҰ- дағы Израильге қарсы әрекеттерді доғару үшін талпыныс жасайды» деді.

2016 жылы 23 желтоқсанда 14 елдің оң дауыс беріп, Американың қалыс дауысымен бекітілген №2334-ші қарарда Израильге Палестинаның жаулап алынған жерлерінде қалашықтар салуды доғару жөнінде  талап қойылды.