Сионистік режим БҰҰ-на қатысты қарымта әрекетке барады
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің сионистік режимнің қалашықтар салу әрекетіне қарсы қабылдаған қарарынан кейін осы режим БҰҰ-ға қаржылай көмек көлемін қысқартты.
"Gods net" торабының мәлімдеуі бойынша, сионистік режим БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жаулап алынған жерлерде қалашақ салуға тыйым салу негізіндегі №2334-ші қарарды қабылдауына наразылық ретіндегі қарымта әрекетте БҰҰ мен оған қарасты органдарға 6 млн доллар төлеуден бас тартады.
БҰҰ- дағы сионистік режимнің елшісі Дани Данон: «Израиль БҰҰ-да осы режимге қарсы әрекет жасайтын органдардың бюджетін қамтамасыз етпейді.
Американың қалаулы президенті Дональд Трамп билік басына келген соң бұрынғыдан көбірек БҰҰ- дағы Израильге қарсы әрекеттерді доғару үшін талпыныс жасайды» деді.
2016 жылы 23 желтоқсанда 14 елдің оң дауыс беріп, Американың қалыс дауысымен бекітілген №2334-ші қарарда Израильге Палестинаның жаулап алынған жерлерінде қалашықтар салуды доғару жөнінде талап қойылды.