Путин аятолла Һашеми Рафсанджанидың қазасына байланысты көңіл айтты
(last modified Tue, 10 Jan 2017 15:30:09 GMT )
Қаң 10, 2017 21:30 Asia/Almaty
  • Путин аятолла Һашеми Рафсанджанидың қазасына байланысты көңіл айтты

Ресей президенті аятолла Һашеми Рафсанджанидың қазасына байланысты жеделхат жолдап, Иран үкіметі мен халқына көңіл айтты.

Владимир Путин Иран президентіне жіберген жолдауында аятолла Һашеми Рафсанджанидың өткен жылдарда атқарған рөлін дәріптеді.

Ресейде тұратын түрлі елдердің елшілері мен саяси және діни қайраткерлері де Мәскеудегі Иран Ислам Республикасының елшілігіне келіп, аятолла Һашеми Рафсанджанидың қазасына байланысты көңіл айтып, Иран үкіметі мен халқының қайғысына ортақтастық білдірді.