Қаң 11, 2017 13:46 Asia/Almaty
  • Арақчи: Иранға 300 килограммнан артық уран байытуға рұқсат берілді

Иранның келісімгер тобының басшысы Сейед Аббас Арақчи «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының ортақ комиссиясында «Wall Street Journal» басылымының хабарын теріске шығарып, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының ортақ комиссиясының келісімі бойынша Иранның көбірек уран байыта алатынын мәлімдеді.

Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша Сейед Аббас Арақчи: «Сейсенбі күні «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының ортақ комиссиясы Вена отырысының соңында Иранның Исфаһандағы Натанз уран байыту нысанындағы шөгінділерді тазарту жобасына келісті. Бұл жоба бойынша шамамен 300 килограмм Иранда байытылған өнімнің шөгіндері құбырлардан шығарылды. Сөйтіп Иран көбірек өнімді байыта алатын болады»,- деді.

Осы мәлімет бойынша «Wall Street Journal» басылымы өз хабарында: «Иранның ядролық келісімге қатысушы өкілдері сейсенбі күні АҚШ-тың Натанз нысанында қалған уранды толық шығару жобасымен келісті»,- деп жазды.

Иран Сыртқы істер министрі  Мұхаммад Джавад Зарифтың желтоқсанның 16 күнгі талабы бойынша «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының ортақ комиссиясының отырысы АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялар салған  ISA заңының уақытын созып, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзуын қарастыру үшін Иран мен «алтылық» тобына мүше елдердің Сыртқы істер министрлері  орынбасарларының қатысуымен Венада өтіп, баспасөз мәлімдемесін жариялаумен өз жұмысын аяқтады.

 

 

Тегтер