Қаң 12, 2017 19:46 Asia/Almaty
  • Ресей Қорғаныс министрі АҚШ-ты Сирия дағдарысын шиеленістіргені үшін сынады

РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Вашингтонның Сирия мәселелеріне қатысты Мәскеудің теріс рөлі жайлы айыптауларына рекция білдіріп: «АҚШ пен оның одақтастары Сириядағы лаңкестікпен күресте ешқашан ықпалды рөл атқарған емес, керісінше сол елдегі дағдарыс пен қақтығыстарды шиеленістірді»,- деді.

РФ Қорғаныс министрінің айтуынша, АҚШ пен оның одақтастарының әріптестік жасамауы Сириядағы лаңкестікпен күресуде Ресейдің бар күшін салуына себеп болды. Тіпті өзінің ұшақтасығышын Сирия жағалауына орналастыруына жеткізді. РФ Қорғаныс министрінің аталмыш сыны АҚШ-тың әскери және қауіпсіздік жөніндегі басшыларының жуырда айтылған уәждеріне берген жауап. Екі күн бұрын АҚШ Қорғаныс министрі Эштон Картер: «Сирия мен Ирактағы ДАИШ лаңкестік тобымен күресуде Ресей Вашингтонға қолдау жасамады»,- деп айтқан болатын. Эштон Картердің уәждері Ресейдің Сириядағы әрекеттері мен әуе операцияларын теріске шығаруына қатысты. Алайда, Мәскеу Сириядағы өз әскери күштерінің орналастыруының басынан-ақ, бұл әрекетін Сирияның заңды үкіметіне лаңкестік топтармен, әсіресе ДАИШ тобымен күресте көмек көрсету мақсатында жасағанын мәлімдеген болатын. РФ-ның ресми органдарының статистикасы бойынша, соңғы бір жылдан астам уақыт аралығында бұл елдің әуе-теңіз күштерінің әуе және зымырандық әрекеттерінің лаңкестік топтарға, соның ішінде ДАИШ пен ан-Носрат майданына маңызды соққылар бергенін көрсетеді. РФ Қорғаныс министрлігі 2016 жылдың сәуір айының басында оның Сирия әскерімен бірлескен әрекеттерінің нәтижесінде Сирияда бүгінге дейін шамамен 35 000 лаңкестің көзін жойғанын хабарлаған еді. Соның ішінде 2700 лаңкес Ресей азаматтары болып шықты. Алеппо қаласын азт ету Сириядағы азамат соғысы үдерісіндегі шешуші жеңіс саналады. Бұл жеңіске Сирия әскері мен оның одақтастарының, атап айтқанда Ресейдің әскери күштерінің тығыз ынтымақтастығының нәтижесінде қол жеткізілді. Сириядағы атысты тоқтату келісіміне қол жеткізу мен Сирия дағдарысын шешуге бағытталған бейбітшілік келіссөздерінің ҚР-ның Елордасы Астанада өткізілуіне байланысты Ресей Сириядағы өз әскери күштерінің орналасуын қысқартуды бастады. Осы ретте генерал Шойгу: «Ресей Сириядағы лаңкестікке қарсы күресте өзінің басты мақсаттарына қол жетікізді»,- деп мәлімдеді.

АҚШ Қорғаныс министрінің Ресейге қатысты сыны АҚШ-тың Сириядағы дағдарысқа байланысты екі жақты әрі әділетсіз ойынының нышаны болып табылады. АҚШ ДАИШ тобының құрылуы мен күшеюінде маңызды рөл атқарды. Тіпті кейін ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалиция құру арқылы бұл лаңкестік топты жоюды мақсат етудің орнына, ДАИШ-тың күшін шектеп, оны аймақтағы өз мүдделеріне жету үшін пайдалануды көздеді АҚШ-тың осындай екі жақты ұстанымына қарамастан, Мәскеу лаңкестікпен күресте өз ниетінің шынайылығын көрсету мақсатында бірнеше рет Вашингтонға лаңкестікпен күресу үшін әріптестік жасауды ұсынған еді. РФ президенті Владимир Путин 2016 жылдың желтоқсан айының соңында: «Ресей лаңкестікпен күрес саласында АҚШ-пен тығыз ынтымақтастық жасауға әзір»,- деп мәлімдеген болатын. Осындай жағдайда АҚШ-тың Сириядағы дағдарысына қатысты әрекеті бұл елдің ДАИШ лаңкестік тобын сақтап қалуға бағытталғанын көрсетеді. Тіпті ДАИШ-тың Пальмира қаласына жасаған шабуылы секілді әрекеттерде оларға қажетті жағдайдың бәрін жасаған болатын.

 

Тегтер