Адам құқығын бақылаушы ұйым Ираннан үркіту мақсатындағы уәждерін жариялады
(last modified Sat, 14 Jan 2017 10:50:59 GMT )
Қаң 14, 2017 16:50 Asia/Almaty
  • Адам құқығын бақылаушы ұйым Ираннан үркіту мақсатындағы уәждерін жариялады

Адам құқығын бақылаушы ұйым 2016 жылы әлемнің тоқсан мемлекетіндегі адам құқықтарының жағдайы мәселесіне арналған өзінің жиырма жетінші баяндамасын жариялады. Бұл баяндама Иран жайлы уәждерді де қамтыған.

Азаматтық және саяси құқықтардың сақталмауы, өлім жазасының әсіресе есірткі қылмысы саласында көп болуы және қос азаматтығы бар адамдардың «Батыстың тыңшысы» деп айыпталуы аталмыш баяндаманың негізгі уәждері болып табылады. Бұл баяндамадағы уәждерге сәйкес, Иран сондай-ақ діни азшылықтарға қатыгез қарайды, әрі Иранда сөз және дін бостандығы жоқ. Сонымен қатар Ирандағы қауіпсіздік күштері мен сот билігі бұл елде әділеттің орнауының негізгі тосқауылдарына айналған деген уәждер айтылған.

БҰҰ мен Батыстың басқа ұйымдарының адам құқықтарына қатысты баяндамалары көп жылдардан бері адам құқықтарының шынайы мәселелерінен қатты алыстап кеткен. Баяндамаларда шынайы адам құқықтарының бұзылуын айыптаушылардың қолдау не қамқорлық көрсету әрекеттерінің ешбір нышаны көрінбейді. Бұл мәселе тек Батыстың көзқарасы бойынша адам құқықтарының мүлде басқаша ұғымға ие екендігін дәлелдейді. Батыстың адам құқықтарына қатысты көзқарасына сәйкес, әлем мемлекеттері лаңкестік топтардың бөлінуі секілді «жақсы» және «жаман» болып екі топқа бөлінеді. Осы классификацияға сәйкес, лаңкестердің мүдделерін қорғап, қамтамасыз етуші елдер жақсы елдердің қатарына кіреді. Ал Батыстың басқыншылық саясаттарына қарсылық көрсетіп, Батыстың адам құқықтарының бұзушылығы саласындағы саясаттарымен келіспейтін елдер болса «жаман» елдердің қатарына кіреді. Мысалы, Батыстың көзқарасына сәйкес Сауд Арабиясы адам құқықтарын бұзбайды, себебі ол Батыстың мүдделерін қамтамасыз етеді. Келесі мысал Израиль режиміне қатысты. Батыстың көзқарасы бойынша, Израиль қаншалықты қылмыс жасаса да, қаншалықты палестиналықты өлтірсе де, жыл сайын Газа секторын қоршауға алса да, бәрібір адам құқықтарын бұзған саналмайды. Осы көзқарасқа сәйкес, Палестина жерін басып алған Израильдің қылмыстары өзін-өзі қорғау деп түсіндіріледі. Ал БҰҰ жарғысына сәйкес, басып алушылардан қорғанып жатқан палестиналықтар лаңкес әрі қауіпті деп танылуда. Басқа жерлерде де жағдай дәл осындай болып отыр. АҚШ-тың Ауғанстан мен Иракқа шабуыл жасап, бұл екі елді басып алып адам баласына қарсы қылмыс жасағаны дәлелденгенде, Батыс оның әрекеттерін лаңкестікке қарсы деп, АҚШ-ты қорғап шықты. АҚШ қорғансыз халықты бомбалап, оларды өлтірген кездері бұл әрекеттерді жай қателік деп атап, АҚШ-тың қылмыстарын жасырып-жауып отырды. Иарн мен Ирак соғысы кезіндегі америкалық Винсенс әскери кемесінің Иранның жолаушы тасымалдаушы ұшағына жасаған зымырандық шабуылы мен ұшақтың Парсы шығанағына құлауын әлемдік қоғам әлі ұмытқан жоқ. АҚШ сол әскери кеме қолбасшысын зымырандық шабуыл бұйрығын бергені үшін марапаттады. Бүгінде Батыстың саясаттары әлі өзгерген жоқ.

Батыс қоғамы ішінде лаңкестіктің пайда болып, кең етек жаюының негіздерін қалаған АҚШ-тағы қара нәсілділерге қатысты қатыгез қарым-қатынас, азаматтық құқықтарды бұзушылық пен олардан айыру, нәсілшілдік ағымдардың күшеюі Батыстағы адам құқықтарының бұзылуының фактілері болып табылады. Бірақ аталмыш баяндамалардан бұл қылмыстарды айыптаудың ешбір белгісі көрінбейді.

Шын мәнінде қазіргі әлемде адам құқықтарының ақиқаттары Батыстың саяси мақсаттарының ықпалында. Адам құқықтарын қорғаушы ұйымдар да дәл осындай мақсаттарды алға қойып отыр.