Бішкектегі Түркия ұшағының құлауы салдарынан адам шығыны артты
https://itolqyn.com/news/world-i23239-Бішкектегі_Түркия_ұшағының_құлауы_салдарынан_адам_шығыны_артты
Түркияның жүк тасымалдайтын ұшағының Қырғызстан астанасы Бішкек қаласының маңайында құлауы отыз жеті адамның өліміне әкеп соқтырды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 16, 2017 16:32 Asia/Almaty
  • Бішкектегі Түркия ұшағының құлауы салдарынан адам шығыны артты

Түркияның жүк тасымалдайтын ұшағының Қырғызстан астанасы Бішкек қаласының маңайында құлауы отыз жеті адамның өліміне әкеп соқтырды.

Фарс ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі "Түркияның жүк тасымалдайтын ұшағы Бішкек қаласының маңайында құлады",- деп хабарлады.

Бұл хабарламадан бұрын ауа райының қолайсыздығынан осы ұшақтың Манас әуежайына жақын бір ауылда құлағаны жайлы хабарланды.

Бішкектің Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі аталмыш ұшақта болған төрт экипаж мүшесінің біреуінің тірі қалғанын хабарлады.

Франция ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қырғызстан басшылығы ұшақтың Бішкек маңайындағы Манас әуежайына жақын жерде құлауы салдарынан кемінде отыз жеті адамның, соның ішінде алты сәбидің қаза тапқанын мәлімдеген.

Осы хабарламаға сәйкес, бұл оқиға құрбандарының көпшілігі ұшақ құлаған ауылдың тұрғындары болған.

Манас әуежайының мәліметі бойынша, Бішкек қаласы маңындағы Манас әуежайында аз уақытқа аялдама жасамақ болған Гонконгттан Стамбұлға ұшып бара жатқан бұл ұшақ жергілікті уақыт бойынша саңғы сағат 7:31 де қону сәті кезінде құлаған.

Ұшақтың құлауы салдарынан Манас әуежайы маңындағы ауылдың он бес ғимараты толығымен қиратылды.