ДАИШ Ресейге де жетті
(last modified Mon, 16 Jan 2017 11:52:25 GMT )
Қаң 16, 2017 17:52 Asia/Almaty
  • ДАИШ Ресейге де жетті

Шешенстан республикасының президенті: «ДАИШ лаңкестік тобына қатысты қауіпті лаңкес Имран Дацаев өз тобының елу мүшесімен бірге Шешенстан Республикасының астанасы Грозный қаласындағы лаңкестікке қарсы операциялар кезінде құрықталды»,- деп мәлімдеді.

Бұл хабар жарияланғаннан кейін Шешенстан Республикасының президенті Рамзан Қадыров Дацаевтің ДАИШ-тің Сириядағы басшылығынан бұйрық алып отырғанын және үш ай бұрын ресейлік полиция қызметкерін өлтіргенін айтып: «Дацаевтың таратылып кеткен тобы бірнеше лаңкестік шабуыл мен Шешенстан Республикасының мемлекеттік басшылары, қауіпсіздік орган қызметкерлері мен елдегі діни қайраткерлер мен тұлғалардың өміріне қастандық жасаған. Бұл операцияларды тергеу және топты құрықтау мақсатындағы операциялар өткен жылдың жазынан басталған еді. Соңғы жылдардағы лаңкестікке қарсы ең ірі операция кезінде қаруланған лаңкестерді құрықтау Ресей үшін үлкен жеңіс саналады»,- деді.

Ресей Федерациясының оңтүстік бөлігіндегі тұрғылықты халқы шешен мұсылмандары болып табылатын Солтүстік Кавказ аймағында соңғы жылдары  тынышсыздықтар көп орын алды. Бұл жағдай әсіресе экстремистік топтардың орталығы Шешенстан Республикасынан айқын байқалады. Шешендік сепаратистер Ресей үкіметімен көптеген жылдар бойы соғысып, батыс мемлекеттерінің көмегімен өзінің РФ-дан бөлінуі үшін көп талпыныстар жасады. Алайда Ресей Шешенстан республикадасындағы билігін күшейте түсті.

Шешендік сепаратистер Ауғанстандағы Талибан тобымен ынтымақтастық жасаған. Бірақ соңғы жылдары Сирия мен Ирактағы ДАИШ лаңкестік тобымен ынтымақтастық жасауға көшкен. Ресей Сирия үкіметіне көмек беріп, нәтижесінде ДАИШ-тің соңғы базасы Алеппо қаласы да аталмыш лаңкестерден азат етілді. Сириядағы бұл жеңілістің есесін қайтару мақсатында ДАИШ өз назарын Шешенстан Республикасына аударды. Бұрынырақ ДАИШ лаңкестік тобы Ресейге соққы беру туралы қоқан-лоққы жасаған болатын. Шешенстан Республикасының президенті елде құрықталған қарулы адамдардың Сириядағы лаңкестердің бақылауында болғанын және лдардың ДАИШ-ке қатысы бар екендігін мәлімдеді.

Жуырда АҚШ-ның Мемлекеттік хатшысы Джон Керри елінің ДАИШ-ты Сирия үкіметін құлату мақсатында құрғанын мәлімдеген болатын. Алайда бұл мақсатқа жетуде АҚШ ДАИШ лаңкестік тобы секілді жеңіліске ұшырады. Бұл екеуі Сириядағы жеңілісінің есесін қайтару мақсатында Ресейге соққы беру үшін талпыныс жасап жату әбден мүмкін. Оның үстіне, АҚШ негізінен өзінің ескі қарсыласын, яғни Ресейді әлсірету саясатын ұстанып отыр. Лаңкестік топтардың ықпалы мен Ресей қарсыластарының оны әлсіретуге бағытталған талпыныстарын ескерсек, Ресейдің оңтүстігіндегі Солтүстік Кавказ аймағы Кремль үшін өте маңызды аймақ болып табылады. Ал Шешенстан Республикасы президентінің лаңкестік топтардың әрекеттерінің үнемі бақылауда болғаны жайлы мәлімдемелері Кремльдің Шешенстан аймағында қауіпсіздік орнатуға ерекше көңіл бөліп жатқанын білдіреді.