Лавров: Астана бейбітшілік сұхбаттасулары Сирияда бейбітшілікті күшейту мақсатында өтеді
(last modified Tue, 17 Jan 2017 15:18:48 GMT )
Қаң 17, 2017 21:18 Asia/Almaty
  • Лавров: Астана бейбітшілік сұхбаттасулары Сирияда бейбітшілікті күшейту мақсатында өтеді

Ресей Сыртқы істер министрі сейсенбі күні Қазақстанның елордасы Астанада өтетін Сирия бейбітшілік келіссөздерінің мақсаттарының бірін Сирияда атысты тоқтатуды күшейту деп атады.

Қарсыластардың демеушісі Түркия мен Сирияның одақтастары Иран және Ресейдің қолдауымен өтетін осы отырыс 2011 жылдың наурыз айында басталған Сириядағы соғысты доғару жолындағы талпыныс болып табылады.

«Franc Press» ақпарат агенттігінің Мәскеуден хабарлауынша, Американың қалаулы президенті Дональд Трамптың командасы да осы отырысқа қатысуға шақырылған, бірақ шақыруға әлі ресми жауап берілген жоқ.

Лавров сейсенбі күні БҰҰ мен АҚШ-тың жаңа үкіметінің өкілдерін де Астана отырысына қатысу үшін шақыру керек деген болатын.