Еуропаның Иранға қарсы санкцияларының тізімінен компаниялар мен бірнеше кісі шығарылды
Еуропа одағы кеңесі Иранға қарсы салынған санкциялар туралы "Ортақ қадам" келісімінен кейінгі өзінің жаңа шешімінде бірнеше ирандық компания мен кісілерді өз санкцияларының тізімінен шығарды.
ИРНА-ның сейсенбі күні Еуропа одағы кеңесінің торабына сілтеме жасап хабарлауынша, осы одақ Иранның мұғалімдерді қамсыздандыру компаниясын, Petro Pars басқарушылық және амалдар компаниясы мен Petro Pars инженерлік компаниясын, Иранның алюминий компаниясы мен табиғи газ компаниясын, кеме қатынасы және коммерциялық компаниясы мен Насер Батениды Еуропа одағы кеңесінің санкцияларының тізімінен шығаруға шешім қабылдаған.
Сонымен қатар Иранның Экспорт банкы мен оның Лондондағы филиалы да Еуропа одағы кеңесінің санкцияларының тізімінен шығарылды.
2012 жылы Иранға қарсы салынған Еуропа Одағының әділетсіз санкциялары бойынша ең алдымен коммуникация бөліміне, әсіресе Иранды қаржылай қолдап отыр деп айыпталған компанияларға шабуыл жасалды.