Ресей мен Қазақстанның ынтымақтастықтары 2017- 2018 жылдары ұлғаяды
Ресей СІМ-нің баспасөз бюросы осы ел мен Қазақстан СІМ арасында 2017- 2018 жылдар үшін ынтымақтастық құжатына қол қойылғанын хабарлады.
"Фарс" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан мен Ресей Сыртқы істер министерлері Қайрат Әбдірахманов пен Сергей Лавров Мәскеуде екі елдің СІМ арасында 2017-2018 жылдар үшін ынтымақтастық жобасына қол қойды.
Ресей СІМ-нің баспасөз бюросының мәлімдеуі бойынша, осы келіссөзде Мәскеу мен Астананың екіжақты байланысына қатысты мәселелер мен екі елдің халықаралық деңгейдегі, әсіресе БҰҰ-дағы ынтымақтастықтары қарастырылды.
Ресей мен Қазақстан СІМ осы келіссөзде халықаралық түрлі ұйымдарда, соның ішінде БҰҰ, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы мен Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымы мен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымында өз тұрғыларын үйлестіруді және бірін-бірі қолдауды жалғастыруға келісті.
Осы мәлімдеменің жалғасында аймақ қауіпсіздігін әсіресе Ауғанстан мен әсірешіл топтар жағынан қамтамасыз ету тақырыбына сілтеме жасалып: «Лаңкестікпен күрес әлемдік қауымдастық екіұшты стандарттарды басшылыққа алмай, осы құбылысқа қарсы күрес жүргізген кезде ғана әсерлі болады» деп жазылған.