Трамп Нетаньяхумен телефон арқылы сұхбаттасты
АҚШ-тың жаңа Президенті Дональд Трамп жексенбі күні кешке сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сұхбаттасты.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Дональд Трамп осы телефон арқылы сұхбатта өзінің Израильдің қауіпсіздігін сақтауға міндеттілігін баса айтып, палестиналықтармен бейбітшіліктің тек тараптар арасында тікелей келіссөздер жүргізу арқылы ғана мүмкін екенін және осы мақсатқа жету үшін АҚШ-тың Израильмен тығыз әріптестік жасайтынын айтқан.
Трамптың бұл сөздері оның Ақ үйге келгенінен екі-ақ күн өткен соң басып алынған Құдс қаласы кеңесінің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің палестиналықтардың жерлерінде сионистік режимнің заңсыз қалашықтар салуын тоқтату туралы соңғы қарарына көңіл аудармастан, шығыс Бейт ул-Мұқаддастағы үш заңсыз қалашықта 560-тан астам тұрғын үй салуға рұқсат берген жағдайында айтылып отыр.
Трамп пен Нетаньяху, сондай-ақ, осы телефон арқылы сұхбатта «Ираннан туындайтын қауіп-қатерлер» деп аталатын мәселе туралы кеңесуге келісті.
Сионистік режимнің Премьер-министрі де осы сұхбат барысында Дональд Трампты Президент болуымен құттықтап, Иранның ядролық келісіміне қарсы тұруды Израильдің АҚШ-тың жаңа үкіметімен әріптестігінің басты басымдығы деп атады.