Астана отырысы Сирия дағдарысын саяси жолмен шешу жолындағы маңызды қадам болды
Қаң 26, 2017 21:45 Asia/Almaty
Иран ислам кеңесі мәжілісі төрағасының арнайы көмекшісі Әмир Абдоллаһиян: «Қазақстанның елордасы Астанадағы Сирия бейбітшілік келіссөздері Сирия дағдарысын саяси жолмен шешу бағытындағы маңызды қадам болды. Бірақ бұл тек істің бастамасы ғана» деді.
Хосейн Әмир Абдоллаһиян Дамаскте сөйлеген сөзінде: «Саяси келіссөз Сирияның жалғыз шешім жолы болып табылады, бірақ реалистік келіссөз Сирия дағдарысын саяси жолмен шешуге болады деп сенетін қарсыластардың шынайы өкілдерінің қатысуымен өтуі керек. Сирияда қылмыс жасаған лаңкестермен келіссөз жүргізудің нәтижесі болмайды» деді.
Тегтер