Пәкістан Ұлттық мәжілісінің төрағасы: Иран – Ислам әлеміндегі ықпалды әрі маңызды көршілес ел
https://itolqyn.com/news/world-i23731
Пәкістан Ұлттық мәжілісінің төрағасы өз елі мен ИИР-ның арасындағы бауырластық қарым-қатынастың маңыздылығын қуаттап: "Иран тек бауырлас әрі маңызды көршілес ел ғана емес, сондай-ақ, аймақ пен Ислам әлеміндегі аса ықпалды мемлекет болып табылады" деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 28, 2017 12:44 Asia/Almaty
  • Пәкістан Ұлттық мәжілісінің төрағасы: Иран – Ислам әлеміндегі ықпалды әрі маңызды көршілес ел

Пәкістан Ұлттық мәжілісінің төрағасы өз елі мен ИИР-ның арасындағы бауырластық қарым-қатынастың маңыздылығын қуаттап: "Иран тек бауырлас әрі маңызды көршілес ел ғана емес, сондай-ақ, аймақ пен Ислам әлеміндегі аса ықпалды мемлекет болып табылады" деді.

ИРНА-ның хабарлауынша, Айаз Садеқ Иранның Ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының төрағасы Әлаеддин Бруджердимен жұма күнгі Исламабадта кездесуінде Ислам әлемінің бірлігін сақтаудың маңыздылығына тоқталып: "Ислам әлемінің бірлігі жолында әрекет етіп, арандатушы қастандықтарды бейтараптандыруға әрдайым талпыныс жасап келеміз" деді.

Пәкістанның Ұлттық мәжілісінің төрағасы сонымен қатар аймақтың қазіргі өзгерістрі мен исламдық елдердің алдағы сын-қатерлермен күресу үшін бірігуінің маңыздылығына тоқталып, шиіттер мен сүнниттердің бірлігінің қажеттілігін қуаттады.

Бруджерди осы кездесуде Иранның Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджанидің сәлемін Айаз Садеқке жеткізгеннен кейін, оның ортақ қоқан-лоққыларға қарсы күресу үшін Ислам әлемінің бірігуі қажеттілігі туралы сөздерін қуаттады.

Әлаеддин Бруджерди Пәкістанда шиіттер мен сүнниттердің арасындағы бауырластық қарым-қатынасқа ризашылық білдіріп, Иранда да шиіттер мен сүнниттердің арасында бірлік пен бауырластық қатынастың орныққан айтты.

Ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының төрағасы  Пәкістанның Иран басшылары  мен халқының жүрегіндегі ерекше орнына тоқталып: "Пәкістанды маңызды көршілес ел әрі өзіміздің мұсылман бауырымыз деп санаймыз" деді.