Қырғызстан президенті осы елдің жаңа Конституциясына қол қойды
https://itolqyn.com/news/world-i23735
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев осы елдің жаңа Конституциясына қол қойды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 28, 2017 15:13 Asia/Almaty
  • Қырғызстан президенті осы елдің жаңа Конституциясына қол қойды

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев осы елдің жаңа Конституциясына қол қойды.

"Фарс" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Атамбаев бұл жайлы: "Бүгін біз халықтық референдумның нәтижесінде қабылданған  Қырғызстанның ешқандай қатесі жоқ жаңа Конституциясын көріп отырмыз. Енгізілген реформалар 2010 жылғы революциядан кейінгі үкіметтің жетістіктерін сақтап қалуға көмектеседі" деді.

Ол желтоқсанның он бірі күні референдум өткізілгеннен кейін Қырғызстанның тәуелсіздігінің баяндылығы жолында үлкен қадам жасалғанын, бұдан былай қырғызстандық азаматтардың өз құқықтарын жақсы білетінін айтты.

Қырғызстан президенті жаңа Конституцияның мазмұнының көмегімен биліктің ауысуының  бейбіт түрде өтетінін мәлімдеді.