Лариджани: Америка өзінен-өзі сескеніп отыр
(last modified Sun, 29 Jan 2017 15:10:52 GMT )
Қаң 29, 2017 21:10 Asia/Almaty
  • Лариджани: Америка өзінен-өзі сескеніп отыр

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы: «Американың жаңа үкіметінің Иран азаматтарына виза бермеудегі соңғы шарасы олардың көзқарасы мен пейілдерінің төмен екендігін көбірек көрсетеді» деді.

Иран мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани жексенбі күні ислам кеңесі мәжілісінің ашық отырысында: «АҚШ үкіметінің кейбір ислам елдерінің, әсіресе Иран азаматтары үшін виза берудің күшін жою шарасы демократия мен адам құқығын қуаттаушы деген алдамшы жүзінің астарындағы қатыгез нәсілшілдік рухын көрсетіп отыр.

Лаңкестік шараларға алаңдау желеуімен Иранның атын атау қалжыңға көбірек ұқсайды. Иранның өткен жылдарда бір өзі лаңкестерге қарсы тұрғаны ешкімге жасырын емес. АҚШ үкіметі бүгінде өз-өзінен сескену және түсінбеушілік құбылысына душар болып отыр. Иран ислам республикасы лаңкестікпен күресу үшін мықты жігерге ие» деді.

АҚШ президенті Дональд Трамп  жұма күні кешке ислам елдерінен, атап айтқанда Иран, Ирак, Судан, Сомали, Ливия, Сирия және Йеменнен босқындар мен мигранттардың Америкаға келуіне жаппай шектеу қою туралы жарлыққа қол қойды.