АҚШ БҰҰ-на қоқан-лоққы жасады
(last modified Mon, 30 Jan 2017 14:59:18 GMT )
Қаң 30, 2017 20:59 Asia/Almaty
  • АҚШ БҰҰ-на қоқан-лоққы жасады

АҚШ-тың Біріккен Ұлттар ұйымындағы жаңа өкілі Никки Халей Вашингтонның осы ұйымға қаржылай көмек беруін тоқтату туралы қоқан-лоққы жасап: «Ақ үй АҚШ-тың бұл ұйымға миллиардтаған доллар көлемінде қаржылай көмек көрсетуін тоқтатын заңнамалық акт дайындап жатыр»,- деп мәлімдеді.

Бұл АҚШ-тың БҰҰ-на мүшелік жарна мен өзінің көмек көрсетуін қысқартатыны немесе тоқтататыны туралы жасаған алғашқы қоқан-лоққысы емес. Алайда бұл жолы жағдай мүлдем өзгеше болып отыр. АҚШ президенті Дональд Трамп БҰҰ мен оның әрекеттеріне сенбейді. Қауіпсіздік кеңесі Израильдің қалашық салу саясатын айыптау туралы №2334 қарарын қабылдағаннан кейін Трамп бұл әрекетті қатты сынға алып, өзінің БҰҰ-на қарсылығын білдірді. Бұл арада тек Трамп қана емес, сондай-ақ 2016 жылдың қаңтар айының үші күні республикалық партияның мүшелері АҚШ Конгресіне бұл елдің БҰҰ-на мүшелігін тоқтатуы туралы заңнама жобасын ұсынған болатын. Вашингтонның БҰҰ бюджетінің қомақты үлесіне ие болуына байланысты АҚШ-тың аталмыш ұйымнан шығуы ұйымның басшылары үшін қуантарлық хабар емес. АҚШ БҰҰ-ның жылдық бюджетінің 22 пайызы мен ұйымның бейбітшілікті қорғаушы операцияларына кететін қаражаттың 28 пайызын қамтамасыз етеді.

Әлемнің көптеген мемлекеттері, әсіресе Германия, Жапония тәрізді өнеркәсібі дамыған елдер, Бразилия, Үндістан, Оңтүстік Африка секілді экономикасы дамушы елдер мен кейбір дамушы мемлекеттер, аталмыш ұйымның құрылымын қайта қарастыруды және қазіргі әлемдік фактілерге негізделген жаңа іргетасын құруды қалайды. Бірақ айтылып жатқан сындардың негізгі сипаты БҰҰ-ның құрылымы мен оның әрекеттеріне қатысты. АҚШ БҰҰ-ның, әсіресе Қауіпсіздік кеңесінің Вашингтон мен оның одақтастарының талаптары мен мүдделеріне толық бағынуды қалап отыр. АҚШ-тың бұл ұйымға бағытталған негізгі сыны аталмыш ұйымдағы, соның ішінде Қауіпсіздік кеңесіне тең дауыс беру құқығына ие басқа мемлекеттердің әсер етуіне байланысты болып отыр. АҚШ БҰҰ-ның Ақ Үйдің саясаттарына сәйкес әрекет жасауын қалайды. АҚШ Қосылмау қозғалысы ұйымына мүше елдердің БҰҰ-нда тәуелсіз позицияға ие болуына төзе алмайды. Обама үкіметі алғашқы рет Қауіпсіздік кеңесінің сионистік режимнің басып алынған Палестина аумағында қалашық салу әрекетін айыптап, оған қарсы қарар қабылдауынан бас тартты. Бұл Израильдің АҚШ Конгресіндегі жақтастары мен Трамптың ашуын тудырды. АҚШ-тың мұндай реакциялары мен оның БҰҰ-дағы өкілінің жуырдағы қоқан-лоққылары көбінесе осы жағдайларға тікелей байланысты туындап отыр. АҚШ-тың әлемдік үстемдік кезеңі өз мәресіне жетті. Енді басқа мемлекеттер де БҰҰ мен Қауіпсіздік кеңесі арқылы әлемдік сахнадағы маңызды шешімдерді қабылдау ісіне қатысқысы келеді.