Соңғы бір жылда Францияның Иранмен тауар айналымы екі есеге артты
Франция Сыртқы істер министрі соңғы бір жылда Иран мен Францияның экономикалық айналымдарының екі есеге ұлғайғанын хабарлады.
Франция Сыртқы істер министрі Жан-Марк Эро сейсенбі күні Иран мен Францияның экономикалық форумында: «Рельстік, порттық авиациялық және энергия салаларындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтарды Франция Иранмен ынтымақтастықтардың басты бағдары етіп отыр. Сондықтан осы әріптестіктерді күшіне енгізуді қолдаймыз» деді.
Марк Эро Иран мен Франция арасында ынтымақтастықтарды кеңейту келісімшартына қол қойылғанына сілтеме жасап, екі елдің университеттері арасындағы 17 ынтымақтастық меморандумының жуырда күшіне енгізілетінін мәлімдеді.
Франция Сыртқы істер министрі осы елдің Ауылшаруашылығы министрінің 2015 жылы Иранға сапар шегіп, Иранда Францияның сауда бюросының ашылғанына сілтеме жасап: «Бұл бюро Иран мен Францияның кіші, орта және үлкен кеңселеріне екі елдің нарығына қол жеткізу үшін көмектеседі.
Санкциялар жойылғаннан кейін Иран мен Францияның ынтымақтастықтары кеңейді. Иранға 100 ұшақ сату келісімшартына қол қойылды. Иранға алғашқы ұшақ табыс етілді. Өзге келісімшарттардың да осындай жылдамдықпен күшіне енетіндігіне үміттенеміз.
Ең үлкен еуропалық компания болып табылатын Францияның "Total" компаниясы Ираннан шикі мұнай сатып алуды бастады» деді.
Иран мен Франция Сыртқы істер министрлері Мұхаммад Джавад Зариф пен Жан-Марк Эро бүгін сейсенбі күні осы экономикалық отырыстан кейін өзара кездесуде екіжақты байланыс пен аймақтық мәселелер туралы кеңесті.